Өрлеу

Қаржылық сауаттылық бойынша курстан кейінгі сүйемелдеу вебинары өтті

Қаржылық сауаттылық бойынша курстан кейінгі сүйемелдеу вебинары өтті
2026 жылдың қыркүйек айының 25-сі күні «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша оқудан өткен педагогтерге «Қаржылық сауаттылық: алған білімді өмірде қолдану және нәтижені талдау» тақырыбында вебинар өткізілді. Іс-шараны Абдикеримова Назира Жорабековна жүргізді.
Вебинарда курстың негізгі нәтижелері қарастырылып, педагогтер алған білімдерін тәжірибеде қолдану жолдарымен бөлісті. №1 Әлихан Бөкейханов атындағы гимназияның мұғалімі Әлмұратова Бақытжамал Бақытжанқызы жеке қаражатты тиімді пайдалану және эмоционалды сатып алу туралы таныстырылым жасады. Б. Әлменұлы атындағы орта мектептің мұғалімі Буркитбаев Олжас Ерланович қаржылық сауаттылықты информатика пәніне кіріктіру тәжірибесін ұсынды.
«Менің қаржылық өзгерісім» бөлімінде қатысушылар бюджет жүргізу, шығынды азайту, жинақ бастау және қаржылық мақсат қою мәселелері бойынша пікір алмасты.
Вебинар кері байланыс пен қорытынды талқылаумен аяқталды.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Қаржылық сауаттылық бойынша курстан кейінгі сүйемелдеу вебинары өтті — Өрлеу