Әрбір көрсеткіштің артында — команданың еңбегі тұр

Пайдаланушылар платформаға кіріп, аттестаттаудан өтіп, сервистерге қол жеткізіп немесе техникалық ақауларсыз жұмыс істеген кезде, үйреншікті цифрлық шешімдердің артында қаншама процесс тұрғаны туралы сирек ойланады.
Бұл туралы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру департаментінің директоры Камила Айтқужина әңгімелейді.
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы департамент үшін цифрлық экожүйені белсенді дамыту, ақпараттық жүйелерді жетілдіру және ауқымды ІТ-міндеттерді іске асыру кезеңі болды.
Команда ішкі сервистердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, пайдаланушылардың өтініштерін жедел өңдеді, есептік жазбалар мен қол жеткізу құқықтарын баптады, техникалық қосылымдарды жүзеге асырып, консультациялар өткізді. Сонымен қатар ІТ-инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасты: серверлік және желілік шешімдер жаңғыртылды, жаңа жұмыс орындары қосылды, жаңартулар енгізіліп, техникалық ақаулар жедел түрде жойылды.
Еліміздің педагогтері үшін маңызды цифрлық құралға айналған «Ұстаз» ұлттық платформасын дамытуға ерекше назар аударылды. Платформада 109 мыңнан астам педагог жұмыс істейді, 40 мыңнан астам өтініш беріліп, 20 мыңнан астам шешім қабылданды.
Алайда, Камила Айтқужинаның айтуынша, әрбір көрсеткіштің артында әзірлеушілердің, жүйелік әкімшілердің, талдаушылардың, тестілеушілердің және техникалық қолдау мамандарының күнделікті еңбегі жатыр.
«Біздің міндетіміз – тұрақты цифрлық ортаны қалыптастыру, заманауи сервистерді дамыту және технологияларды пайдаланушылар үшін қолайлы әрі тиімді ету. Алғашқы жартыжылдық – қорытынды жасайтын кезең. Екінші жартыжылдықта осы бағыттағы даму жұмысын жалғастырамыз», – деп атап өтті Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру департаментінің директоры.
Дәл осындай күнделікті, көп жағдайда көзге көріне бермейтін еңбек «Өрлеу» цифрлық сервистерінің сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, олардың одан әрі дамуына берік негіз қалайды.

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…