Өрлеу

«БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ»

«БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ»
Педагогтердің біліктілігін арттыру курсы басталды!

2026 жылғы 2 қараша күні пән мұғалімдеріне арналған «Білім беру процесінде біртұтас тәрбие құндылықтарын іске асыру» тақырыбындағы педагогтердің біліктілігін арттыру курсы өз жұмысын бастады.
Курстың басты мақсаты – білім беру процесінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жүйелі түрде жүзеге асыру жолдарын меңгерту, тәрбие мен оқытуды өзара сабақтастыра отырып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Курс барысында қатысушылар:
- Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттары мен құндылықтық бағдарларын зерделейді;
- оқу пәндерінің мазмұны арқылы тәрбие құндылықтарын кіріктіру жолдарын қарастырады;
- сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда құндылықтарға негізделген тапсырмалар әзірлейді;
- тәрбиелік әлеуеті жоғары педагогикалық әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде қолданады;
- өзара тәжірибе алмасып, тиімді әдістемелік шешімдермен бөліседі.
Тәрбие – білім берудің ажырамас бөлігі. Әрбір пән мұғалімі өз пәнін оқыту арқылы оқушының бойына адамгершілік, жауапкершілік, отаншылдық, адалдық пен ынтымақ құндылықтарын сіңіруге үлес қоса алады.
Білімді ұрпақ қалыптастыру – маңызды міндет болса, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы ұрпақ тәрбиелеу – ортақ жауапкершілік!
Курс қатысушыларына сәттілік, кәсіби ізденіс пен мазмұнды тәжірибе тілейміз!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ» — Өрлеу