«Өрлеу» БАҰО-да аппараттық кеңес өтті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, педагогтердің кәсіби дамуы, білім беру сапасын арттыру, курстарды ұйымдастыру, курстан кейінгі қолдау және ұйым қызметінің тиімділігіне қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Кеңесте Басқарма Төрағасының стратегиялық даму мәселелері жөніндегі орынбасары Аида Мейркулова «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне өтінім қабылдау қорытындыларын таныстырды. Биыл конкурсқа республика бойынша 10 923 өтінім қабылданды. Ғалымжан Алматов конкурстың басты мақсаты жүлделі орындарды анықтау ғана емес, педагогтердің кәсіби ізденісін қолдап, олардың инновациялық тәжірибесін білім беру жүйесіне кеңінен енгізу екенін атап өтті.
Сапаны бағалау департаментінің директоры Ақмарал Жұмықбаева Атырау облысы бойынша кәсіби даму институты тренерлерінің тәжірибесін бақылау нәтижелері туралы баяндады. Нәтижесінде курс сапасын арттыру бойынша дамытуды қажет ететін бағыттар аталып, білім беру бағдарламаларының құрылымын жетілдіру, қорытынды бағалау алгоритмін қайта қарау, тренерлерді іріктеу талаптарын нақтылау және әдістемелік сүйемелдеуді күшейту жөнінде ұсыныстар берілді. Осыған байланысты Басқарма Төрағасы Түркістан және Атырау облыстары бойынша анықталған жайттарға қатысты сараптамалық анықтама әзірлеуді тапсырды. Ол бұл мәселелер өзге филиалдарда да кездесуі мүмкін екенін айтып, оларды егжей-тегжейлі талдап, мақсаттарын нақтылауды, тренерлердің жеке жоспарларының тиімділігін зерделеуді және барлық филиал директорлары мен тренерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуді Сапаны бағалау департаментіне тапсырды.
Оқу-әдістемелік жұмыс департаментінің директоры Сәуле Вильданова ҚР Оқу-ағарту министрінің №95 бұйрығына енгізілген өзгерістерді таныстырды. Кеңесте LMS платформасын пайдалану міндетті формат екені және курстан кейінгі қолдау жүйесіндегі барлық қатысушылардың функциялары нақтыланғаны айтылды. Осы мәселеге қатысты біліктілікті арттыру ұйымдары қызметіне тұрақты мониторинг жүргізіліп, олардың жұмысына үш жыл сайын министрлік жанынан құрылатын комиссия бағалау жүргізеледі. Басқарма Төрағасы провайдерлердің қызмет сапасына ерекше назар аудару қажеттігін айтып, педагогтердің білім сапасына нақты көз жеткізу маңызды екенін жеткізді. Енді курстармен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрауы тиіс.
Экономика және қаржы департаментінің директоры Гаухар Узакова ақылы қызметтерден түсетін кірістер жоспарының орындалуы туралы баяндады. Осы ретте Ғалымжан Алматов филиалдарға түсіндіру, оқыту және қолдау жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан , нәтиже көңіл көншітпейтінін атап өтті. Сонымен бірге әрбір филиалға кіріс көлемін арттыруға бағытталған нақты шараларды қолға алып, ақылы қызметтерді жүйелі жоспарлауды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…