«Өрлеу» Digital Qazaqstan форумында: білім берудегі цифрлық трансформацияның басымдықтары талқыланды

Digital Qazaqstan форумы аясында өткен «Цифрлық кодекс Қазақстан» панельдік сессиясына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Марат Турашев қатысты. Сессия цифрлық құқықтар, деректер айналымы және жасанды интеллектіні реттеу мәселелеріне арналды.
Пікірталасқа Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева (модератор), ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министрі Дмитрий Мун, Мәжіліс депутаты Унзила Шапак, сондай-ақ сарапшылар Елена Бычкова мен Руслан Әбдікаликов қатысты. Талқылау барысында цифрлық кодексті қалыптастырудың тәсілдері, деректерді басқару тетіктері және жасанды интеллектіні жауапты қолдану қағидаттары қарастырылды.
Марат Турашев өз сөзінде цифрлық трансформацияның білім беру жүйесіне ықпалына тоқталып, оның өзегінде адам факторы сақталуы тиіс екенін атап өтті. Оның пікірінше, цифрлық шешімдер педагогті алмастыруға емес, оның кәсіби әлеуетін күшейтуге бағытталуы қажет. Бұл тәсіл оқыту үдерісіндегі шешім қабылдауды жеделдетіп, дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ спикер «Өрлеу» орталығы педагогтердің цифрлық ортада жұмыс істеу дағдыларын жүйелі дамытуға басымдық беріп отырғанын жеткізді. Осы бағытта орталықтың білім беру бағдарламаларына «Цифрлық құзыреттер және жасанды интеллект» модулі енгізілген. Бұл модуль педагогтердің заманауи технологияларды оқу үдерісінде тиімді қолдануына жағдай жасайды.
Сөз соңында Марат Турашев цифрлық трансформацияның негізгі бағыттары ретінде педагогтердің цифрлық құзыреттерін дамыту және ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар алгоритмдік шешімдердің ашықтығы, түсіндірмелілігі және адам қатысуының сақталуы білім беру жүйесіндегі негізгі қағидаттар ретінде белгіленді.
Жалпы, панельдік сессияда көтерілген мәселелер білім беруді тек технологиялық тұрғыдан жаңғыртумен шектелмей, оны адамға бағдарланған, этикалық және жауапты цифрлық орта ретінде дамыту қажеттігін көрсетті.
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…