Өрлеу

«Өрлеу» – Қарағанды: 2027 — білім сапасына бірлескен қадам

«Өрлеу» – Қарағанды: 2027 — білім сапасына бірлескен қадам

Мемлекет басшысы білім саласын дамытуды елдің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап, білім сапасын жүйелі арттыруға ерекше мән беріп келеді. Осы бағытта Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтің кәсіби әлеуетін жүйелі дамыту мен білім сапасын арттыру бойынша нақты міндеттер қойды.

Бұл міндеттерді іске асыру – «Өрлеу» БАҰО қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Басты ұстаным – біліктілікті арттыру жүйесін педагогтің нақты кәсіби қажеттілігіне негіздеп, алған білімінің күнделікті тәжірибеге және білім сапасына ықпалын күшейту.

Осы орайда әр өңірдің ерекшелігін ескеру маңызды. Өйткені педагогке қажетті кәсіби қолдау нақты сұранысты білуден басталады.

Дәл осы тәсіл «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов пен Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Дулат Жекебаевтың жұмыс кездесуінің өзегіне айналды.

Кездесудің басты тақырыбы – 2027 жылы Қарағанды облысы педагогтерінің кәсіби қажеттіліктерін ескере отырып, біліктілікті арттырудың мазмұны мен басым бағыттарын бірлесіп айқындау.

Талқылауға Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Санат Мусин, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры Мейрамгүл Жетпісбаева да қатысты.

Тараптар педагогке дайын ұсынысты ғана емес, алдымен оған қандай кәсіби қолдау керектігін анықтауға басымдық беруге келісті. Осы мақсатта педагогтердің кәсіби қажеттіліктеріне диагностика өңірлік Bilimal платформасы базасында жүргізіледі.

Алынған деректер қандай бағыттарға ерекше назар аудару керектігін анықтап, 2027 жылғы біліктілікті арттыру мазмұнын нақты сұранысқа сай жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бағдарламаларды әзірлеу кезінде Қарағанды облысының ерекшелігі, педагогтердің кәсіби сұраныстары және білім берудегі озық отандық әрі әлемдік үрдістер ескерілмек.

Бұл ретте басты өлшем тек курстан өткен педагогтердің саны емес, оқудың нақты нәтижесі болмақ.

Келесі қадам – жобаны іске асырудың бірлескен жоспарын әзірлеу.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Өрлеу» – Қарағанды: 2027 — білім сапасына бірлескен қадам — Өрлеу