«Өрлеу» ұлттық орталығының 20 қызметкері King’s College London сертификаттарына ие болды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының 20 тренері мен білім беру бағдарламаларын әзірлеушісі King’s College London ұйымдастырған «Тренерлерге арналған сыни ИИ-сауаттылық» семинарының қорытындысы бойынша халықаралық сертификаттарға ие болды.
Семинар білім беру саласында жасанды интеллектіні саналы әрі жауапты қолдану құзыреттерін дамытуға бағытталды. Бағдарламада этика, ашықтық, деректер қауіпсіздігі және ИИ-құралдарын сыни бағалау мәселелері қарастырылды.
Оқыту бағдарламасы постдокторант-зерттеуші Майра Клышбекованың қатысуымен жүзеге асырылып, King’s College London университетінің AI Education саласындағы профессоры Кейтлин Бентлимен бірлесіп әзірленді.
Аталған сертификаттар қызметкерлердің кәсіби әлеуетін арттыруға және цифрлық трансформация жағдайында ИИ-құралдарын тиімді қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
