Өрлеу

«Өрлеу-Шымкент» журналының №3-ші саны жарық көрді!

«Өрлеу-Шымкент» журналының №3-ші саны жарық көрді!
Құрметті педагогтер!
Сіздердің назарларыңызға республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналымыздың жаңа санын ұсынамыз.
Бұл санға мектепке дейінгі білімнен бастап орта буынды қамтитын 68 мазмұнды мақала енді!
Негізгі бағыттар мен тақырыптар:
Жасанды интеллект және цифрлық трендтер — мектепті басқаруда, математика, физика, химия, информатика және тіл сабақтарында ЖИ құралдарын тиімді қолдану әдістемесі.
Функционалдық сауаттылық — оқу сауаттылығын арттырудың заманауи жолдары.
Инклюзивті білім беру — оқушылардың психологиялық саулығы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету, саралап оқыту және нейроойындарды қолдану тәжірибесі.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы — қазақ тілі мен әдебиеті, тарих және көркем еңбек сабақтары арқылы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дарытуға ерекше назар аударылған.
«Өрлеу-Шымкент» журналының №3 санының толық мазмұнымен және онда жарияланған мақалалармен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Өрлеу-Шымкент» журналының №3-ші саны жарық көрді! — Өрлеу