Өрлеу

«Өрлеу» тәжірибесі – ЮНЕСКО-ның халықаралық семинарында

«Өрлеу» тәжірибесі – ЮНЕСКО-ның халықаралық семинарында

STEM-білім берудің жаңа мүмкіндіктері, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту және заманауи оқыту әдістері – Тәжікстанда өткен халықаралық семинардың басты назарында болды. Аталған алаңда «Өрлеу» өз тәжірибесімен бөлісіп, білім беру саласындағы халықаралық кәсіби диалогқа үлес қосты.

14–18 қыркүйек аралығында Душанбе қаласында Еуропалық одақ қаржыландыратын ЮНЕСКО жобасы аясында STEM пәндеріне арналған оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу бойынша халықаралық семинар өтті.

Іс-шараға халықаралық STEM-сарапшысы ретінде қатысқан «Өрлеу» БАҰО» АҚ Білім беру бағдарламалары және жобалық шешімдер департаментінің басшысы Лилия Алтынбаева құзыреттілікке негізделген оқу материалдарын әзірлеу және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету тәжірибесімен бөлісті.

Практикалық сессияларда:

-зерттеушілік оқыту мен 5E моделін қолдану;

-тәжірибелік және зертханалық тапсырмалар әзірлеу;

-қалыптастырушы бағалау;

-тиімді кері байланыс ұйымдастыру жолдары қарастырылды.

Сондай-ақ ұлттық сарапшылармен бірлесіп оқу-әдістемелік материалдарға сараптама жүргізіліп, олардың сапа критерийлері айқындалды.

Оқу мазмұны мен оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Білім берудегі озық тәжірибе шекарамен шектелмейді! «Өрлеу» халықаралық ынтымақтастық аясында педагогтердің кәсіби дамуы мен сапалы білім беруге бағытталған тәжірибесімен бөлісуді жалғастыруда.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Өрлеу» тәжірибесі – ЮНЕСКО-ның халықаралық семинарында — Өрлеу