«Өрлеудің» цифрлық экожүйесі: қолайлы жұмысқа арналған технологиялар

Курсқа жазылу, оқудан және тестілеуден өту, сертификат алу немесе жеке кабинетті пайдалану — бүгінде бұл әрекеттер педагогтің кәсіби дамуының үйреншікті бөлігіне айналды. Әрбір осындай қадам жылдам әрі артық қиындықсыз жүзеге асуы үшін «Өрлеудің» цифрлық экожүйесі тұрақты сүйемелдеуді және жетілдіруді қажет етеді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу департаментінің командасы цифрлық сервистердің сапасы мен тұрақтылығына баса назар аударды. Мамандар аттестаттау және қатысуды есепке алу модульдерінің, жеке кабинеттердің, кадрлық және мансаптық сервистердің жұмысын оңтайландырып, журналдар мен статистиканың жүктелуін жеделдетті, сертификаттарды қалыптастыру үдерістерін жетілдірді.
Электрондық цифрлық қолтаңбамен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінді. Пайдаланушы жұмысын жылдам жалғастыра алуы үшін техникалық хабарламалар түсінікті ескертулер мен ұсынымдарға ауыстырылды.
Цифрлық сервистердің сырт көзге қарапайым көрінетін жұмысының артында ауқымды инфрақұрылым тұр. Kubernetes-кластерінің 20-дан астам белсенді кеңістігі курстардың, аттестаттаудың, кадрлық және басқа да жүйелердің жұмысын қамтамасыз етеді. Алты ай ішінде мамандар әкімшілендіру, диагностика және техникалық сүйемелдеу үшін қажетті қорғалған қашықтан қол жеткізудің 1400-ден астам операциясын орындады.
Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздық күшейтілуде: деректерді қорғау және авторизациялау тетіктері жетілдіріліп, инфрақұрылымға қол жеткізу бақыланады, ал жаңартулар негізгі сервистердің жұмысын тоқтатпай енгізіледі.
Бұл жұмыстың басым бөлігі пайдаланушыға байқалмайды — заманауи цифрлық орта дәл осылай жұмыс істеуі тиіс. Оның сапасы техникалық үдерістердің санымен емес, адамның өз міндетін қаншалықты сенімді, жылдам әрі ыңғайлы шеше алуымен өлшенеді.
Көзге көрінбейтін үлкен еңбектің нәтижесі – педагогке түсінікті, қолжетімді әрі сенімді цифрлық орта қалыптастыруда. «Өрлеудің» цифрлық экожүйесі де осы бағытта үздіксіз дамып келеді.
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…