ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІНЕ «ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНДА СҮЙЕМЕЛДЕУ

Пилоттық жоба аясында Атырау облысы педагогтерінің «Ұстаз» платформасында аттестаттаудан өтуіне байланысты ақпараттық-түсіндіру және сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда.
«Өрлеу» Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында өткен кезекті офлайн вебинар Құрманғазы ауданының орта білім беру ұйымдарының педагогтері, педагог-психологтері және педагог-ассистенттері үшін ұйымдастырылды.
Кездесу барысында аттестаттаудан өтуге қажетті портфолионы қалыптастырудың негізгі талаптары түсіндіріліп, педагогтердің «Ұстаз» платформасына қажетті материалдарды орналастыруы, портфолионы рәсімдеуі және аттестаттау барысында ескерілетін маңызды мәселелер бойынша ақпарат берілді.
Вебинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті түсіндірмелер алды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында педагогтерге «Ұстаз» платформасында портфолионы дұрыс қалыптастыру және аттестаттау үдерісінен өту бойынша практикалық қолдау көрсетілді.
Басқа жаңалықтар


«Бір курс – бір кітап»: «Алғашқы ұстаз» повесі аясындағы жағдаяттық талдау
Іс-шара барысында курс тыңдаушылары 5 топқа бөлініп, «Кейс» әдісі арқылы жағдаяттық талдау жүргізді. Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдай отырып, педагогикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді талқылап, нақты шешімдер ұсынды.

ӨРЛЕУ-TRAINER: КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Филиалда тренерлерге арналған «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы басталды. Тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, озық педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау бағытындағы оқыту семинарларының қорытындысы бойынша үздік авторлық әдістемелер жинағы шығарылып, жұмыс тәжірибесіне енгізіледі.