Өрлеу

РОБОТОТЕХНИКА, STEAM ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

РОБОТОТЕХНИКА, STEAM ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

29 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Робототехника, STEAM және жасанды интеллект: білім берудегі инновациялық тәсілдер мен практикалық шешімдер» тақырыбында әдістемелік онлайн-практикум өтті.

 

Курстан кейінгі қолдау аясында ұйымдастырылған іс-шараға орта білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Практикумның мақсаты – педагогтердің робототехника, STEAM және жасанды интеллект технологияларын оқу процесіне кіріктіру бойынша кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, пәнаралық оқытудың тиімді тәсілдері мен цифрлық құралдарды қолданудың практикалық мүмкіндіктерін көрсету.

 

Практикум жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедраның аға оқытушысы М.Т. Мурзабулатовтың жетекшілігімен өтті.

 

Іс-шара барысында «МЖМБС талаптарын жүзеге асырудағы STEM тәсілі: білімнен өмірлік құзыреттілікке», «Робототехника с применением искусственного интеллекта», «Жасанды интеллект дәуіріндегі білім: жаңа мүмкіндік, жаңа көзқарас, жаңа нәтиже» тақырыптары бойынша тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.

 

Педагогтер STEM тәсілдерін сабақ мазмұнына кіріктіру, робототехника мен жасанды интеллект технологияларын ұштастыру, цифрлық құралдар арқылы оқушылардың зерттеушілік және практикалық дағдыларын дамыту бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.

 

Практикум соңында қатысушылар Padlet интерактивті тақтасында ұсынылған тәжірибелерге қатысты пікірлерін білдіріп, кері байланыс берді.

 

Іс-шара педагогтердің кәсіби тәжірибесін толықтыруға, инновациялық әдістерді өз сабақтарында қолданудың тиімді жолдарын қарастыруға және әріптестер арасындағы тәжірибе алмасуды нығайтуға мүмкіндік берді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

РОБОТОТЕХНИКА, STEAM ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР — Өрлеу