Ұрпақтар сабақтастығы: «Өрлеуде» мерейтой иесі мен байқау жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

1 қазанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтында Галина Васильевна Протасованың 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.
«ПРОТАСОВА. ІС. АДАМДАР. УАҚЫТ» атты кездесуде Галина Васильевнаның кәсіби жолы, педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіне қосқан үлесі және 1986–2001 жылдары өзі басқарған Институт тарихы кеңінен айтылды.
Әріптестері естеліктерімен бөлісіп, архивтік фотосуреттер мен бейнематериалдар ұсынылды. Мерейтой иесіне жылы лебіздер мен құттықтаулар арналды.
Іс-шара аясында «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық байқауының өңірлік кезеңі жеңімпаздары марапатталды.
Биыл байқауға Шығыс Қазақстан облысының педагогтері 862 жұмыс ұсынды. Жеңімпаздарға І дәрежелі дипломдар, «Үздік маман» медальдары, Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табысталды.
Іс-шара білім беру саласындағы ұрпақтар сабақтастығын, тәжірибеге құрмет пен кәсіби дамуға ұмтылысты тағы бір мәрте айқындады.








Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…