Өрлеу

«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды

«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы базасында «Қаржылық сауаттылық негіздері» атты 40 сағаттық біліктілікті арттыру курсының кезекті тобы өз жұмысын бастады. Курс ҚР Ұлттық Банкі мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның бірлескен жобасы аясында жүзеге асырылуда. Оқуға өңірдің 25 педагогі қатысуда.
Бес күн бойы педагогтер жеке және отбасылық бюджетті жоспарлау, инвестициялау, цифрлық активтер, кредиттік және зейнетақы жүйелерінің ерекшеліктері, сондай-ақ қаржылық қауіпсіздік пен интернет-алаяқтықтан қорғану мәселелерін зерделейді.
Мұндай оқыту педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға және білім алушылардың қаржылық мәдениетін жүйелі түрде қалыптастыруға ықпал етеді. Мемлекеттік қолдау мен жүзеге асырылып жатқан бастамалар әрбір оқушының әлеуетін ашуға бағытталған.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар