«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды

🔹Бүгін «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының кезекті топтары басталды. Курс тренерлері – Райымқұлова Жанат Әбдіхалыққызы, Сариева Мырзаиым Хасенқызы.
🔹 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институты базасында өтіп жатқан курсқа орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысып жатыр.
19-23 қазан аралығында өтетін курс барысында тыңдаушылар:
- жеке қаржыны тиімді жоспарлау және басқару принциптерін меңгереді;
- қаржы өнімдері мен қызметтерінің негізгі түрлерімен танысып, оларды тиімді әрі қауіпсіз пайдалану жолдарын үйренеді;
- алған білімдерін практикалық тапсырмалар мен өмірлік жағдаяттар арқылы бекітеді.
🔹Курс барысында педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған заманауи оқыту әдістері, практикалық тапсырмалар, жағдаяттық талдау және интерактивті тәсілдер кеңінен қолданылуда. Қатысушылар күнделікті өмірде кездесетін қаржылық мәселелерді талдап, тиімді шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік алуда.
🔹Айта кетейік, курстың басты мақсаты – жеке қаржыны басқару саласында базалық білім беру, түрлі қаржы өнімдері мен қызметтерімен таныстыру, сондай-ақ қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажетті дағдыларды дамыту арқылы педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыру.
Басқа жаңалықтар

Бастауыш мектептегі инклюзивті тәсілдер: оқу қиындықтарын еңсеру
Біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары — облыстың бастауыш сынып мұғалімдері — инклюзивті тәжірибелерімен өзара бөлісті. Сабақ барысында педагогтер оқуда қиындықтары бар балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістерін таныстырды.

«ПРОФИЛЬДІ КҮН»: КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша филиалында «Білім алушыны кәсіби бағдарлаудағы мектептің іс-әрекеті» біліктілікті арттыру курсы аясында «Профильді күн» тренинг-акциясы ұйымдастырылды.

«Үздік қала мектептерінің ерекшеліктері: Инклюзия, STEAM және Жасанды интеллект»
«Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облыстық Кәсіби даму институты ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) балалардың білім сапасын арттыруға арналған маңызды секциялық мәжіліс өткізді.