Өрлеу

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» КУРСЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» КУРСЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ


Педагогтердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған кезекті біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.

Курс аясында тыңдаушылар жеке қаржыны басқару, кірістер мен шығыстарды жоспарлау, қаражатты үнемдеу, жинақ жасау және қаржылық қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша білімдерін толықтырады. Сонымен қатар, қаржылық білімді білім алушыларға түсінікті әрі қызықты жеткізуге мүмкіндік беретін тиімді педагогикалық тәсілдерді меңгереді.

Қаржылық сауаттылық – күнделікті өмірде дұрыс таңдау жасауға, қаражатты ұтымды пайдалануға және қаржылық жауапкершілікті қалыптастыруға көмектесетін маңызды дағды. Сондықтан, оны жас ұрпақтың бойына сіңіруде педагогтердің рөлі ерекше.

Курс тыңдаушыларына сәтті оқу, жаңа идеялар, тәжірибе алмасу және кәсіби дамуда толағай табыс тілейміз! Меңгерген білімдеріңіз білім беру үдерісінде тиімді қолданылып, оң нәтижелерге жол ашсын!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» КУРСЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ — Өрлеу