Өрлеу

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ

Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының «Ұстаз» платформасының Атырау қаласы мен облысы бойынша кураторы Тулесинова Сымбат Багитовна жүргізді.

Онлайн-семинар барысында жаңадан тағайындалған жауапты мамандарға аттестаттау үдерісін ұйымдастыру, платформадағы жұмыс алгоритмін меңгеру және педагогтерге қажетті ақпараттық қолдау көрсету бойынша әдістемелік түсіндірмелер берілді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пилоттық жобаны іске асыру мен «Ұстаз» платформасын пайдалану бойынша нақты жауаптар алды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар