Өрлеу

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ: ПИЛОТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ: ПИЛОТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Пилоттық жоба аясында Атырау облысының педагогтерін «Ұстаз» платформасында аттестаттаудан өту үдерісінде сүйемелдеу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында жалғасуда.

Кезекті офлайн кездесулер қала және аудан бойынша арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтері үшін ұйымдастырылды.

Кездесу барысында арнайы білім беру педагогінің портфолиосын қалыптастыру, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары педагогінің портфолиосына қойылатын талаптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Педагогтерге «Ұстаз» платформасында қажетті материалдарды орналастыру және портфолионы рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.

Педагогтерді пилоттық жоба аясында сүйемелдеуді «Өрлеу» институтының маманы Тулесинова Сымбат Багитовна жүргізді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ: ПИЛОТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА — Өрлеу