Өрлеу

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Ұстаздар күніне орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында ардагер қызметкерлерге құрмет көрсетілді.

Филиал директоры Сарыбасов Асылбек Асанұлы ардагер ұстаздарды мерекемен құттықтап, олардың білім беру саласындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегіне ризашылығын білдірді.

Педагогтердің біліктілігін арттыруға, кәсіби шеберлігін жетілдіруге және білім сапасын арттыруға зор үлес қосқан ардагерлерге «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Галымжан Алматовтың атынан Алғыс хаттар мен мерекелік сыйлықтар табысталды.

Жылдар бойы жинақталған мол тәжірибе мен қалыптасқан тағылымды дәстүр – кейінгі буынға бағыт-бағдар беретін құнды мұра.

Ардагерлердің өнегелі жолы мен білім беру ісіне деген адалдығы зор құрметке лайық.

Құрметті ардагер ұстаздар! Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілейміз. Әрдайым әріптестеріңіз бен шәкірттеріңіздің құрметіне бөленіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ — Өрлеу