Өрлеу

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІН «ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНДА СҮЙЕМЕЛДЕУ: ПОРТФОЛИО ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІН «ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНДА СҮЙЕМЕЛДЕУ: ПОРТФОЛИО ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен педагог-психологтеріне арналған ақпараттық-түсіндіру вебинары өтті.

Вебинардың негізгі тақырыбы – педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу және портфолио қалыптастыру тәртібі.

Кездесуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен педагог-психологтерінің портфолиосына қатысты негізгі талаптар, қажетті материалдарды жүйелеу және оларды «Ұстаз» платформасына орналастыру тәртібі түсіндірілді.

Сонымен қатар пилоттық жоба аясында педагогтерді «Ұстаз» платформасында сүйемелдеу, платформадағы жұмыс кезеңдері және аттестаттау үдерісінде ескерілетін маңызды мәселелер бойынша ақпарат берілді.

Вебинар жұмысын Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының «Ұстаз» платформасының Атырау қаласы және облысы бойынша кураторы Тулесинова Сымбат Багитовна жүргізді.

Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, портфолио дайындау және «Ұстаз» платформасында жұмыс істеуге қатысты нақты түсіндірмелер алды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІН «ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНДА СҮЙЕМЕЛДЕУ: ПОРТФОЛИО ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ — Өрлеу