БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ КӨШБАСШЫЛАРДАН БАСТАЛАДЫ!

2026 жылғы 21
қыркүйекте Қарағанды облысында мектеп директорларына арналған «Өрлеу» БАҰО» АҚ
филиалы ұйымдастырған «Білім берудегі инклюзивті инновациялар үшін
трансформациялық көшбасшылық» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы
басталды.
Курс бағдарламасы
инклюзивті білім берудің заманауи үрдістерін, халықаралық озық тәжірибелерді,
оқытудың әмбебап дизайны қағидаттарын және цифрлық технологияларды білім беру
үдерісіне кіріктіру мәселелерін қамтиды.
Оқытудың негізгі
мақсаты – мектеп басшыларының трансформациялық көшбасшылық құзыреттерін дамыту
және әрбір білім алушыға қолайлы, қолжетімді әрі сапалы білім беру ортасын
қалыптастыруға бағытталған нақты даму стратегияларын әзірлеу.
Курс барысында мектеп
директорлары практикалық жұмыстарға, жобалық тапсырмаларға, топтық талқылаулар
мен білім беру ұйымдарының қажеттіліктерін талдауға бағытталған жұмыстарға
қатысуда. Бұл тәсілдер инклюзивті ортаны дамытуға арналған тиімді басқарушылық
шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта
тыңдаушылар әзірлеген жобаларын қорғап, кәсіби тәжірибелерімен және өзекті
идеяларымен бөліседі. Нәтижесінде өңір мектептерінде инклюзивті білім беруді
жетілдіруге бағытталған практикалық шешімдер ұсынылмақ.
Басқа жаңалықтар

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ҚҰРАЛЫ
Сабақ барысында мұғалімдер ChatGPT және басқа да жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеп, олардың білім беру саласындағы мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде зерделеді.

КУРСТЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ: ОҚУ МАҚСАТЫНАН – НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ
Курс барысында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын тиімді іске асыру, оқу үдерісін сауатты жоспарлау және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мәселелеріне басымдық берілуде.

Білім берудегі инновациялар: «Өрлеу» Ақмола филиалында конференция өтті
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «Жаңашыл мектеп: білім сапасы, инновациялар және педагогикалық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.