ЦИФРЛЫҚ ПЕДАГОГИКА: ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

12 қазан
күні «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Тілдерді оқыту орталығы»
КММ ұйымдастыруымен өткен «Цифрлық педагогика: қазақ тілін оқытудың жаңа
форматы» тақырыбындағы форсайт-сессия мемлекеттік тілдің қолданыс аясын
кеңейтуге, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға және тәжірибе
алмасуға бағытталды.
Форсайт-сессияға Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының өкілдері,
Тілдерді оқыту орталығының мамандары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Іс-шарада кафедраның аға оқытушысы, магистр М.Т. Адилханова қазақ тілін оқытуда
цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану
жолдарымен бөлісіп, озық тәжірибесін ортаға салды. Оқыту сапасын арттыруға
бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер, инновациялық шешімдер және цифрлық
құралдарды сабақта қолданудың тиімді тетіктері талқыланды.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты» «Ақтөбе
облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ
ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді.
Басқа жаңалықтар

ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ТРЕНЕРДІҢ РӨЛІ
3 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалында кәсіби даму апталығы аясында аға оқытушыларға арналған төрт күндік оқыту басталды. Алғашқы күн «Мұғалімдердің кәсіби даярлығындағы тренердің рөлі: тәжірибеге негізделген оқыту» тақырыбына арналды.

ТИІМДІ САБАҚ ТАЛДАУЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ДАМУ
2026 жылғы 16 қыркүйекте «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтында курстан кейінгі қолдау жоспарына сәйкес, Жуалы ауданының педагогтеріне арналған «Сабақты көру – түсіну – жақсарту: тиімді талдау алгоритмдері» тақырыбында тренерлік сағат өткізілді.

«Адал азамат » біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.
«Адал азамат” біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» біліктілікті арттыру курсы басталды. Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларына арналған «Адал азамат” біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.