Өрлеу

«Өрлеу» филиалында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы өтуде

«Өрлеу» филиалында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы өтуде

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды филиалында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Информатика» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы өтуде.

Курстың негізгі ерекшеліктерінің бірі – микрооқыту (microlearning) форматын қолдану. Бұл тәсіл оқу материалын шағын бөліктерге бөліп меңгеруге, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға және жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді игеруге мүмкіндік береді.

Курс аясында тыңдаушылар үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес сабақ фрагменттерін әзірлеп, әріптестері алдында тәжірибе жүзінде өткізуде. Сонымен қатар әр педагог нақты оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмалар құрастырып, оларды тәжірибеде сынақтан өткізеді.

Оқу барысында заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгеруге, тапсырмаларды модельдеуге, өзара бағалау мен кәсіби кері байланыс орнатуға ерекше назар аударылады. Әріптестер арасындағы тәжірибе алмасу педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге және сабақ беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Курс тыңдаушылары алған білімдері мен тәжірибелік дағдыларын мектеп тәжірибесінде қолдану оқушылардың шығармашылық әлеуеті мен практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Өрлеу» филиалында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы өтуде — Өрлеу