Өрлеу

«СҚО-Өрлеу» филиалында 93 педагог біліктілік арттыру курсын аяқтады

«СҚО-Өрлеу» филиалында 93 педагог біліктілік арттыру курсын аяқтады
«СҚО-Өрлеу» филиалында кезекті біліктілікті арттыру курстары өз мәресіне жетті. Оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификаттарды облыстың 93 педагогі – математика, биология және химия пәндерінің мұғалімдері иеленді.
Заманауи білім беру тәсілдері, тәжірибеге бағытталған сабақтар, шеберлік сыныптары, жобаларды қорғау және әріптестермен тәжірибе алмасу педагогтердің кәсіби қоржынын жаңа біліммен және тиімді жұмыс құралдарымен толықтыруға мүмкіндік берді.
Педагогтерді кәсіби дамудағы кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз! Игерген білімдері алдағы жұмыстарына берік негіз болып, әрбір сабақты одан әрі нәтижелі ұйымдастыруға септігін тигізсін!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«СҚО-Өрлеу» филиалында 93 педагог біліктілік арттыру курсын аяқтады — Өрлеу