Өрлеу

ПАВЛОДАРДА БІЛІМ БЕРУДЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ БАСҚАРУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ПАВЛОДАРДА БІЛІМ БЕРУДЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ БАСҚАРУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
🌍 Ғылыми алаңға Қазақстан, Ресей, Түркия және Моңғолия елдерінің білім беру саласының өкілдері, ғалымдар, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер қатысты. Конференция офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, 200-ге жуық қатысушыны біріктірді.

🎓 Конференция аясында үш негізгі бағыт бойынша өзекті мәселелер талқыланды:

🔹 Білім берудегі көшбасшылық пен өзгерістерді басқарудың заманауи зерттеулері;

🔹 Білім беру ұйымын дамытуды басқарудағы басшының көшбасшылығы;

🔹 Педагогтің кәсіби көшбасшылығы және білім берудегі өзгерістерді сүйемелдеудің үздік тәжірибелері.

💡 Қатысушылар білім берудегі цифрлық трансформация, жасанды интеллект мүмкіндіктері, педагогтердің кәсіби дамуы, инновациялық оқыту әдістері және тиімді басқару тәжірибелері жөнінде ғылыми тұжырымдарымен бөлісті.

🤝 Халықаралық конференция кәсіби тәжірибе алмасуға, ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және білім беру жүйесін дамытудың жаңа мүмкіндіктерін талқылауға арналған маңызды диалог алаңына айналды.

Білім берудегі сапалы өзгеріс – кәсіби көшбасшылықтан басталады!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ПАВЛОДАРДА БІЛІМ БЕРУДЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ БАСҚАРУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ — Өрлеу