Өрлеу

«Үздік педагог» байқауының сараптамалық жұмыстары өтті

«Үздік педагог» байқауының сараптамалық жұмыстары өтті

Байқауға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Комекова Сандуғаш Оралханқызы сарапшы ретінде қатысты. Ол Апелляциялық комиссияның мүшесі ретінде байқауға ұсынылған жұмыстарды қарап, бағалауға атсалысты.

Сарапшылық жұмыс барысында қатысушылардың ұсынған материалдары байқаудың белгіленген талаптары мен бағалау критерийлеріне сәйкес жан-жақты зерделенді. Педагогтердің кәсіби жетістіктері, шығармашылық ізденістері, әдістемелік шеберлігі және педагогикалық тәжірибесінің нәтижелілігі назарға алынды.

«Үздік педагог» байқауы – педагогтердің кәсіби шеберлігін танытуға, озық педагогикалық тәжірибені насихаттауға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды кәсіби алаң.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының атынан байқаудың сарапшылық жұмысына қатысу білім беру саласындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтып, педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсетудің маңызды бағыттарының бірі болып табылмақ.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Үздік педагог» байқауының сараптамалық жұмыстары өтті — Өрлеу