Өрлеу

«Мейірім» оңалту орталығында инклюзивті білім берудің тәжірибелік сабағы өтті

«Мейірім» оңалту орталығында инклюзивті білім берудің тәжірибелік сабағы өтті

Сабақты Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедраның аға оқытушылары Сабиханова Асель Қайырбекқызы, Қабдылова Гүлжаннат Тоқтарбекқызы және Қоғамдық-гуманитарлық кафедраның аға оқытушысы Рыскүлбекова Құралай Қалдыбайқызы ұйымдастырды.

Сабақ барысында тыңдаушылар орталықтың жұмысымен танысып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін түзету-дамыту және оңалту жұмыстарының ерекшеліктерін зерделеді. Орталық мамандары балалармен жұмыс жүргізу тәсілдерін таныстырып, жеке қолдау көрсету жолдарын көрсетті. Сонымен қатар баланың оқу және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған әдістер туралы айтты.

Мұндай тәжірибелік сабақтар педагогтерге инклюзивті білім берудің қағидаттарын іс жүзінде түсінуге, әр білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеруге және кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Курс тыңдаушылары алған білімін өз сабағында қолдануға қажетті нақты тәжірибемен оралды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Мейірім» оңалту орталығында инклюзивті білім берудің тәжірибелік сабағы өтті — Өрлеу