Өрлеу

«Тіл – ұлттың жаны, елдің айнасы»: Тілдер мерекесіне орай семинар өтті

«Тіл – ұлттың жаны, елдің айнасы»: Тілдер мерекесіне орай семинар өтті

Семинар барысында тілдің қоғамдағы орны, ұлттық құндылықтарды сақтау мен дәріптеудегі маңызы, көптілдік және цифрлық кеңістіктегі тілдің дамуы туралы өзекті мәселелер қозғалды.

Іс-шарада Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Әлеуметтік лингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері Айдана Махамбет тіл мерекесінің тарихына архив деректері негізінде тоқталып, тың мәліметтермен бөлісті. Алматы қаласы мектептерінің педагогтері Ақбота Саулетжанқызы және Дильназ Фархатқызы өз сөздерінде тіл мен цифрлық дәуірдің байланысына тоқталып, әлеуметтік желілер мен жасанды интеллектінің тіл дамуына ықпалы туралы ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар Кәсіби даму институтының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедрасының аға оқытушылары Жанар Мухаметкалиевна, Алмагүл Сейтжановна және Динара Урикбаевна тілдің цифрлық кеңістіктегі қолданысы, сауатты жазу, Ұлттық тіл корпусы және көптілділіктің маңызы жөнінде өзекті тақырыптарды қамтыды.

Семинар соңында қатысушылар тілдің бүгінгі қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Тіл – ұлттың жаны, елдің айнасы»: Тілдер мерекесіне орай семинар өтті — Өрлеу