«Тіл – халық қазынасы»: Ұлттық музейде дөңгелек үстел өтті

Іс-шара барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры Ғалымжанова Маржан Анесқызы сөз сөйлеп, тілдің қоғамдағы маңызы мен ұлттық құндылықтарды сақтаудағы рөліне тоқталды.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары Балаева Арайлы Бақытқызы қатысып, тіл мен мәдени мұраны сақтау мәселелеріне қатысты пікірін білдірді. Сонымен қатар Тіл білімі институтының спикерлері сөз сөйлеп, тілдің ғылыми, мәдени және қоғамдық маңызына тоқталып, тілдерді дамыту бағытындағы өзекті мәселелерді ортаға салды.
Іс-шара барысында тілдің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы орны, мемлекеттік тілдің маңызы және тіл мен мәдениетті сабақтастыра дәріптеу мәселелері талқыланды.
Тіл – халықтың рухани қазынасы, ұлттық болмыстың негізі және ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын құндылық.
Басқа жаңалықтар

Білім берудегі инновациялар: «Өрлеу» Ақмола филиалында конференция өтті
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «Жаңашыл мектеп: білім сапасы, инновациялар және педагогикалық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында «Білім беру процесінде біртұтас тәрбие құндылықтарын іске асыру» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы жалғасуда.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҮНДЕСТІГІ: КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Бүгінде жасанды интеллект – білім алушының шығармашылық әлеуетін ашуға, тың идеяларын жүзеге асыруға және оқу үдерісін жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік беретін заманауи құрал. Әсіресе, шығармашылық пен практикалық әрекетке негізделген көркем еңбек пәнінде оның мүмкіндігі мол.