ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН

11 қарашада Қарағанды облысының Білім
басқармасы алқасының отырысында «Өрлеу» Қарағанды филиалы директорының
орынбасары Кушнир Марина Петровна облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Аталған марапат Білім басқармасының
ұсынуымен өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және Жаңа
Қазақстанды құру ісіне қосқан жеке еңбек үлесі үшін табысталды.
Марина Петровна Қарағанды облысының Білім
басқармасы жанындағы аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылады. Ол
педагогтерді аттестаттау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын белсенді
жүргізіп, өңір педагогтерінің кәсіби дамуына бағытталған әдістемелік және оқыту
іс-шараларын ұйымдастырып келеді.
«Өрлеу» Қарағанды филиалының ұжымы Марина
Петровнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды! Алдағы кәсіби
қызметіне табыс, жаңа жетістіктер мен сарқылмас күш-қуат тілейміз!
Басқа жаңалықтар

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ТӘЖІРИБЕДЕН – НӘТИЖЕГЕ
Педагогтің курста меңгерген білімі мен дағдыларын күнделікті сабақ тәжірибесіне енгізу, туындаған мәселелерді бірлесе шешу және әдістемелік қолдау көрсету – үздіксіз кәсіби дамудың маңызды шарты болып табылады.

Жаңа Конституция және білім: «Өрлеуде» пікірталас өтті
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалында Жаңа Конституцияның күшіне енуінің алғашқы нәтижелері мен оның білім беру жүйесіне тигізетін ықпалына арналған ауқымды панельдік пікірталас өтті.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР
Тыңдаушылар деректерді жинау, тазарту және визуализациялаудан бастап, модельдерді оқыту мен дайын өнімді таныстыруға дейінгі әзірлеудің толық циклінен өтті. Бұл жұмыстардың басты құндылығы – ЖИ технологияларының білім беру саласы мен күнделікті өмірдегі қолданбалы міндеттерді тікелей шешуінде.