ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР: ЖАҢА ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Институт қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған оқыту семинары өтті. Семинарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Сағидолла Сәкенов жүргізді.
Кездесуде квазимемлекеттік сектордағы комплаенс жұмысына қойылатын жаңа талаптар, қызметкерлерге қатысты шектеулер мен жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Семинар барысында:
– Қандай тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылады?
– Мүдделер қақтығысы туындаса, қызметкер не істеуі керек?
– Жеке мүдделерді декларациялау тәртібі қандай? – осы сұрақтар қарастырылып, құқықтық нормаларға негізделген түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар «байланысты тұлғалар» ұғымы, комплаенс-қызметтің тәуелсіз мәртебесі мен өкілеттіктері талқыланды. Мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы басшылықты жазбаша хабардар ету және заң талаптарын сақтау маңыздылығына назар аударылды.
Заң талаптарын түсіндіруге бағытталған кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, ұжымда адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…