Жаңа шығарылым — «Orleu ThinkSpace» подкасты

Тақырыбы: «Дәлелдерге негізделген инклюзивті білім беру»
Инклюзивті білім беру саласында түрлі әдістер мен тәсілдер ұсынылады. Бірақ олардың қайсысы шынымен тиімді? Қайсысы баланың дамуына нақты оң ықпал етеді?
Осы шығарылымда дәлелдерге негізделген инклюзивті білім берудің мәні, ғылыми зерттеулермен дәлелденген тәжірибелер, оларды білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдары және күнделікті практикалық шешімдер туралы әңгімелейміз.
Егер сіз педагог, ата-ана немесе білім беру саласындағы өзекті мәселелерге қызығушылық танытсаңыз, бұл шығарылым сіз үшін пайдалы болмақ.
Толық шығарылымды «Өрлеу» YouTube арнасынан көре аласыздар.
Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
