Өрлеу

Жетписбаева Мейрамгүл Асылбекқызы «Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды

Жетписбаева Мейрамгүл Асылбекқызы «Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласын дамытуға қатысты ұстанымында педагог мәртебесін көтеру, ұстаз еңбегін лайықты бағалау және мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасау маңызды орын алады. Мұғалімнің қоғамдағы беделі мен еңбегіне көрсетілген құрмет – сапалы білім мен ұрпақ тәрбиесінің маңызды негізі.

Бұл бағытта Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің кәсіби біліктілігін дамытуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қолдауға, сондай-ақ білім беру сапасын арттыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз етуде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның орны ерекше. Орталық мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, озық педагогикалық тәжірибені таратуға және білім беру сапасын арттыруға үлес қосып келеді.

Осы еңбектің бір көрінісі ретінде Республика күні қарсаңында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Жетписбаева Мейрамгуль Асылбекқызы «Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Марапатты табыстаған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлына шынайы алғысымызды білдіреміз.

Бұл марапат – көп жылғы кәсіби еңбектің, жоғары жауапкершіліктің және білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлестің бағасы. Сонымен қатар ол педагогтердің кәсіби жетістіктерін мойындаудың және ұстаздық мамандыққа деген құрметті нығайтудың маңызын айқындайды.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар