ЖИ ДӘУІРІНДЕГІ МЕКТЕП МӘДЕНИЕТІ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОРТАҚ ШЕШІМДЕР

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі мектеп мәдениеті: мұғалімнің әл-ауқаты мен этикалық жауапкершілік теңгерімі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.
Конференция жұмысына өңірлік жоғары оқу орындарының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, техникалық және кәсіптік, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Конференция жұмысында жасанды интеллектінің мектеп мәдениетіне ықпалы, педагог пен білім алушы арасындағы коммуникацияның өзгеруі, цифрлық ортадағы мұғалімнің кәсіби және психологиялық әл-ауқаты, ЖИ құралдарын қолдану кезіндегі академиялық адалдық, дербес деректердің қауіпсіздігі, ЖИ ұсынған ақпараттың дұрыстығын бағалау және оны педагогикалық тұрғыдан пайдалану мәселелері көтерілді.
Конференция тыңдалымына қатысушылар мектепті басқару мен білім беру үдерісіндегі цифрлық трансформацияны, ЖИ құралдарының педагогтің күнделікті жұмысын жеңілдетудегі мүмкіндіктерін, оларды қолданудың этикалық және құқықтық шекараларын, сондай-ақ сабақ үдерісіне тиімді кіріктірудің практикалық тәжірибелерін ортаға салды.
Конференция қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда,
– ЖИ-ді педагогті алмастыратын емес, оның кәсіби қызметін қолдайтын көмекші құрал ретінде пайдалану;
– педагогтердің ЖИ сауаттылығы мен цифрлық құзыреттілігін жүйелі жетілдіру;
– білім алушылар арасында академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру;
– дербес деректерді қорғау талаптарын сақтау;
– ЖИ жасаған контентті міндетті түрде педагогикалық және сыни сараптаудан өткізу;
– мұғалімнің уақытын үнемдейтін тиімді ЖИ тәжірибелерін жинақтап, педагогикалық қауымдастық арасында тарату қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар педагогтің цифрлық ортадағы кәсіби әл-ауқатын қолдау, технологиялық өзгерістерден туындайтын жүктемені азайту және ЖИ құралдарын оқу мақсатына сай, қауіпсіз әрі жауапты қолдануға бағытталған әдістемелік қолдауды күшейту ұсынылды.
Конференция білім беру саласындағы жасанды интеллект мәселесін тек технологиялық мүмкіндік ретінде емес, мектеп мәдениеті, педагогтің әл-ауқаты, академиялық адалдық және кәсіби жауапкершілікпен өзара сабақтастықта қарастыру қажеттігін көрсетті.
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…