ЖЫЛЫОЙ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІН АТТЕСТАТТАУ: «ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНДА СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында Жылыой және Қызылқоға аудандарының орта білім беру ұйымдары педагогтерін аттестаттаудың пилоттық жобасы бойынша «Ұстаз» платформасында сүйемелдеуге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында орта білім беру педагогтерін, педагог-психологтер мен педагог-ассистенттердің портфолиоларына қатысты мәселелер, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі және пилоттық жоба аясындағы маңызды өзгерістер түсіндірілді.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, платформада жұмыс істеуге қатысты нақты түсіндірмелер алды.
Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
