+7 (7172) 55 87 82

M

25.08.2026

«ӨРЛЕУ»: САПАДАН – ЖҮЙЕЛІК КӨШБАСШЫЛЫҚҚА

Астанада «Өрлеу» БАҰО ұйымдастыруымен «Институционалдық сапа мен жүйелік көшбасшылық: «Өрлеудің» стратегиялық даму бағдары» тақырыбында стратегиялық сессияның бірінші бөлімі өтті.
Орталық аппарат пен өңірлік филиалдардың басын қосқан жиынның негізгі мақсаты – 2027 жылға арналған стратегиялық басымдықтарды айқындау, басқару мен сапаны қамтамасыз етудің ортақ тәсілдерін қалыптастыру және педагогтердің үздіксіз кәсіби даму жүйесіндегі көшбасшылық рөлін күшейту.
Сессия барысында көтерілген негізгі бағыттар мен спикерлер:
🔹Жүйелік сабақтастық: Сессияның бірінші бөліміне модераторлық еткен Басқарма төрағасының орынбасары Аида Мейірқұлова жекелеген бағыттарды бір-бірімен ұштастырып, бүкіл жүйені ортақ нәтижеге жұмылдырудың маңыздылығын атап өтті.
🔹Серіктестік тетіктері: Стратегиялық даму және жоспарлау департаментінің директоры Дамира Маханова серіктестік формалды сипаттан шығып, нақты нәтижеге бастайтын даму құралына айналуы тиіс екенін жеткізді.
🔹Сапа архитектурасы: Талдау және сапа департаментінің директоры Жамал Беркімбаева сапаны соңында тексеру емес, әр процестің бастапқы кезеңінен қалыптастыру қажеттігін көтерді.
🔹Білім беру бағдарламалары: Білім беру бағдарламалары және жобалық шешімдер департаментінің директоры Лилия Алтынбаева бағдарлама педагогтің кәсіби сұранысына жауап беріп, тәжірибесінде нақты өзгеріс жасауы керектігін айтты.
🔹Үздіксіз кәсіби даму моделі: Академиялық қызмет департаментінің директоры Маржан Искакова бір реттік курстан келесі қағидатқа негізделген үздіксіз модельге көшуді ұсынды: қажеттілікті анықтау → оқыту → тәжірибеде қолдану → сүйемелдеу → нәтижесін бағалау → келесі даму қадамы.
🔹Кәсіби траектория: Педагогтерді есепке алу және дамыту департаментінің директоры Сәуле Вильданова педагогтің өсу жолын біртұтас траектория ретінде қалыптастырып, ертеңгі кәсіби қадамын айқын көруге жағдай жасау маңыздылығын атап өтті.
🔹Тиімді құрылым: Персоналды басқару департаментінің басшысы Дария Мусаева ұйымдық құрылымды оңтайландыру әр қызметкердің ортақ нәтижеге қосатын үлесі мен жауапкершілігін нақтылайтын басқару тетігі екенін тілге тиек етті.
Жиын соңы интерактивті пікірталаспен жалғасып, қатысушылар өңірлік тәжірибелерді ортаға салды. Сондай-ақ тиімді шешімдерді бүкіл жүйеге тарату, процестерді біріздендіру, ортақ сапа стандарттарын орнықтыру және нәтижеге бағытталған басқаруды күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды.