Өрлеу

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ КЕЗЕҢДЕРІНДЕГІ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • Жансая ОспановаЮжно-Казахстанский педагогический университет имени Озбекали Жанибекова Казахстан, Шымкент

Аңдатпа

Мақалада мұғалімнің педагогикалық қызметі контекстінде «эмоционалды құзыреттілік» ұғымының теориялық негіздері қарастырылды. Эмоционалды құзыреттіліктің қалыптасуына эмоционалды интеллекттің тікелей қатысы бар, сол себептен Н.Холлдың эмоционалды интеллект деңгейін анықтайтын әдістемесі қолданылды. Әдістеме респонденттің эмоционалдық хабардарлығын, өз эмоцияларын басқара алуын, басқа адамның эмоцияларын түсінуін, эмпатия деңгейлерін анықтайды. кіреді (N=50,12-23 қазан 2025 ж., Шымкент қаласында).Мақалада мұғалімдер арасында жүргізілген зерттеу нәтижелері талданды. Эмоционалды интеллект пен жұмыс өтілі арасындағы корреляциялық байланыс, эмоционалды интеллект пен мұғалім жасы арасындағы корреляциялық байланыс анықталды. Алынған деректер мен нәтижелер мұғалмдердің эмоционалдық құзыреттілігі мен кәсіби тұрақтылығын арттыруға арналған бағдарламаларды әзірлеуде пайдалануына мүмкіндік береді.

Түйін сөздер

  • мұғалім
  • эмоционалды интеллект
  • эмоционалды құзыреттілік
  • кәсіби даму
  • педагогикалық қызмет
  • стресске төзімділік
  • эмпатия

Мақала мәтіні

PDF ашу