Бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы мен «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында меморандумға қол қойылды.

Құжат педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және заманауи білім беру тәжірибелерін енгізуге бағытталған.
Ынтымақтастық аясында біліктілікті арттыру курстарын өткізу, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, тәжірибе алмасу және оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу жоспарлануда. Бұл өз кезегінде білім беру сапасын арттыруға және Солтүстік Қазақстан облысы педагогтерінің кәсіби өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар


«Бір курс – бір кітап»: «Алғашқы ұстаз» повесі аясындағы жағдаяттық талдау
Іс-шара барысында курс тыңдаушылары 5 топқа бөлініп, «Кейс» әдісі арқылы жағдаяттық талдау жүргізді. Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдай отырып, педагогикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді талқылап, нақты шешімдер ұсынды.

ӨРЛЕУ-TRAINER: КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Филиалда тренерлерге арналған «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы басталды. Тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, озық педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау бағытындағы оқыту семинарларының қорытындысы бойынша үздік авторлық әдістемелер жинағы шығарылып, жұмыс тәжірибесіне енгізіледі.