«АДАЛ АЗАМАТ»: КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ САПАСЫ

2026 жылғы
12 қарашада Шымкент қаласында мектеп басшылары мен олардың орынбасарларына
арналған курстан кейінгі сүйемелдеу аясында «Адал азамат» құндылықтары
негізінде мектепті басқару: көшбасшылық, кәсіби қоғамдастық және сапа
мәдениеті» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың
негізгі мақсаты – мектеп басшыларының «Адал азамат» құндылықтарын басқарушылық
шешімдерге кіріктіру, стратегиялық ойлау дағдыларын жетілдіру, педагогикалық
ұжымда сенім мен ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыру және білім беру сапасын
арттыруға бағытталған тәжірибелік шешімдерді әзірлеу.
Іс-шараны
«Жаратылыстану-математикалық бағыттағы» кафедрасының меңгерушісі Рахимжанова
Гулфазира Қозыбаевна модераторлық етті.
Семинардың
практикалық бөлімінде Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарының басшылары мен
басшы орынбасарлары өздерінің басқарушылық тәжірибелерімен бөлісті. Атап
айтқанда, мектеп басшысының көшбасшылық ұстанымы, стратегиялық талдау,
инклюзивті және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, мақсаттар мен KPI
көрсеткіштерін белгілеу, педагогикалық ұжымда бірлік пен сенім мәдениетін
дамыту, тиімді коммуникация, тәлімгерлік, ішкі регламенттер, білім сапасын
бағалау, инновациялық басқару және әлеуметтік серіктестік мәселелері
қарастырылды.
Қатысушылар нақты тәжірибелер мен тиімді
басқарушылық шешімдерді талқылап, мектептің тұрақты дамуына ықпал ететін
идеяларымен алмасты.
Семинар
соңында «3-2-1» рефлексия әдісі арқылы негізгі ойлар қорытындыланды. Осындай
кәсіби кездесулер педагогтердің тәжірибе алмасуына, басқарушылық құзыреттерін
жетілдіруіне және білім беру ұйымдарында құндылыққа негізделген басқару
мәдениетін орнықтыруға мүмкіндік береді.
Адал азамат тәрбиесі – құндылықтарды сөзбен
насихаттау ғана емес, оларды күнделікті басқару мен білім беру тәжірибесінде
жүзеге асырудан басталады!
Басқа жаңалықтар

Руслан Ким: «Кибералаяқтықтан қорғану туралы модуль ерекше пайдалы болды»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жетісу облыстық филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында ұйымдастырылған курстың тыңдаушысы Руслан Ким оқу барысындағы әсерімен бөлісті.

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕГЕ
Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарында меңгерген білімдері мен дағдыларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдануы – үздіксіз кәсіби дамудың маңызды шарты.

Педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсынан өтуде
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп, педагогтердің қаржылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асырып келеді.