Өрлеу

Әдістемеден шеберлікке: тәжірибе мен жаңашылдық тоғысы

Әдістемеден шеберлікке: тәжірибе мен жаңашылдық тоғысы
Педагогтің кәсіби шеберлігі үздіксіз ізденіс, жаңа әдістерді меңгеру және озық тәжірибемен бөлісу арқылы қалыптасады. Осы бағыттағы жұмысты жүйелі жалғастыру мақсатында 2026 жылғы 19–23 қазан аралығында филиалда профессор-оқытушылар құрамына арналған өзара оқыту іс-шаралары өткізілуде.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ж.Д. Сүлейменованың 2026 жылғы 7 қыркүйектегі № 41 хаттамалық тапсырмасының 5-тармағында көзделген тренерлердің кәсіби құзыреттерін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылуда.

Филиалдың аға оқытушылары Сәуле Сулейменова мен Зауре Кашкенова «Әдістемеден шеберлікке: оқытудың инновациялық тәжірибелері» тақырыбында әріптестеріне арналған өзара оқыту сабақтарын өткізуді бастады. Бес күнге жоспарланған тәжірибе алмасу кәсіби білімді толықтыруға, тиімді әдістемелік тәсілдерді ортаға салуға және оқыту тәжірибесін жаңа идеялармен байытуға мүмкіндік береді. Бұл – әріптестердің өзара тәжірибе алмасып, кәсіби ізденістерін ортақ талқылау арқылы педагогикалық шеберлікті жетілдіруге бағытталған маңызды қадам.

Кездесулер барысында оқытудың заманауи тәсілдері, білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізу жолдары және педагогикалық тәжірибені жетілдіру мүмкіндіктері қарастырылады.

Мұндай бастамалар кәсіби ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, білім беру сапасын арттыруға және оқыту үдерісіне жаңашыл көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар