Өрлеу

Инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Іс-шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушылары Құралай Қалдыбайқызы Рысқұлбекова, Айгүл Аманжолқызы Абайдуллаева және Алмагүл Сейтжанқызы Ыбышева ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – инклюзивті білім берудің заманауи үрдістері мен инновациялық тәсілдерін талқылау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.

Семинар барысында педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшылары цифрлық технологияларды қолдану, оқу мотивациясын арттыру, саралап оқыту, психологиялық-педагогикалық қолдау және жеке білім беру маршрутын әзірлеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Бағдарлама аясында шеберлік сабақтары, тренингтер мен практикалық кейстер өткізіліп, қатысушылар инклюзивті білім беру саласындағы тиімді тәжірибелермен танысты.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, кәсіби тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтілді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды — Өрлеу