СҚО «Өрлеу» филиалы «Идеяларға жол ашып, тағдырларды өзгертеміз!» ұранымен өткен әлеуметтік педагогтердің II өңірлік «Әлеуметтік қолдау шоқжұлдызы» фестиваліне қатысты.

Бір күннің ішінде Солтүстік Қазақстан облысының ондаған маманы бас қосып, сан түрлі кәсіби идея мен баршаға ортақ бір мақсат тоғысты — балаға шынайы қолдау қажет болған сәтте оның жанынан табылу.
Фестиваль барысында әлеуметтік қолдау және оны тәжірибеде тиімді ұйымдастыру жолдары сөз болды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, нақты кейстерді талдап, күнделікті жұмыста қолдануға болатын тиімді құралдар мен шешімдерді талқылады.
Кездесудің басты ойы — педагог күрделі жағдаймен жалғыз қалмауы керек. Қашан да қолдау көрсете алатын әріптестер, дамытуға болатын идеялар және арқа сүйейтін кәсіби қауымдастық бар.
«Әлеуметтік қолдау шоқжұлдызы» атауының мәні де осында: шынайы қолдау адамдар ортақ мақсат жолында біріккен жерден басталады.

Басқа жаңалықтар

«Бір курс – бір кітап»: «Алғашқы ұстаз» повесі аясындағы жағдаяттық талдау
Іс-шара барысында курс тыңдаушылары 5 топқа бөлініп, «Кейс» әдісі арқылы жағдаяттық талдау жүргізді. Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдай отырып, педагогикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді талқылап, нақты шешімдер ұсынды.

ӨРЛЕУ-TRAINER: КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Филиалда тренерлерге арналған «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы басталды. Тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, озық педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау бағытындағы оқыту семинарларының қорытындысы бойынша үздік авторлық әдістемелер жинағы шығарылып, жұмыс тәжірибесіне енгізіледі.