Өрлеу

ПЕДАГОТТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ: ЖАҢА ТАЛАПТАР МЕН КӘСІБИ НӘТИЖЕЛЕР

ПЕДАГОТТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ: ЖАҢА ТАЛАПТАР МЕН КӘСІБИ НӘТИЖЕЛЕР
Кезекті ақпараттық кездесуде аттестаттау рәсімінің негізгі кезеңдері, педагогтердің кәсіби қызметін бағалау тәртібі және нәтижелерді айқындайтын көрсеткіштер кеңінен қарастырылды.

Түсіндіру барысында педагогтің жетістіктерін жүйелі ұсыну, білім алушылардың оқу нәтижелерін көрсету, кәсіби жобаларға қатысу, тиімді тәжірибені тарату және үздіксіз кәсіби даму мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, аттестаттауға дайындық кезінде кездесетін практикалық мәселелер бойынша түсініктемелер алды.

Аттестаттау — педагогтің кәсіби құзыреттілігін, жинақтаған тәжірибесін және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесін көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды кезең. Сондықтан, ақпараттық-түсіндіру және әдістемелік қолдау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОТТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ: ЖАҢА ТАЛАПТАР МЕН КӘСІБИ НӘТИЖЕЛЕР — Өрлеу