АТТЕСТАЦИЯ ПЕДАГОГОВ: ТРЕБОВАНИЯ, КРИТЕРИИ И ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ РЕЗУЛЬТАТЫ

Аттестаттау тәртібіндегі өзгерістер педагог үшін нені
білдіреді? Кәсіби жетістік қалай бағаланады? Сабақ беру сапасы мен оқушы
нәтижесі қаншалықты маңызды? Ал, тәлімгерлік пен тәжірибе тарату жұмыстары
бағалау кезінде қалай ескеріледі?
Педагогтермен өткен ақпараттық-түсіндіру кездесуінде дәл осы
сұрақтарға назар аударылып, пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың негізгі
талаптары мен бағалау тетіктері талқыланды.
Кездесуде тек талаптарды түсіндірумен шектелмей, педагогтің
кәсіби қызметін растайтын дәлелдемелерге, жетістіктерді көрсетуге және бағалау
барысында назарға алынатын көрсеткіштерге бағытталды.
Кездесудің маңызды бөлігі — педагогтердің өз сұрақтары.
Педагогтер өздерін қызықтырған нақты жағдайларды ортаға салып, аттестаттау
тәртібіне қатысты жауаптарын нақтылады.
Өйткені аттестаттауға дайындық — құжат жинау ғана емес. Бұл
өз еңбегіңді дұрыс танып, кәсіби нәтижені нақты дәлелдер арқылы көрсете білу.
Бұл бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта
да жалғасады. «Ақтөбе-Өрлеу» педагогтерге әрдайым қолдау көрсетуге дайын.
Басқа жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ САНА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ, ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Кездесудің басты мақсаты – жас мамандардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және рухани сабақтастықтың маңызын терең түсіндіру.

ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ
Алматы қаласындағы №173 мектеп-лицейде педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасына арналған қалалық семинар өтті. Кездесу барысында аттестаттаудың жаңа форматы, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, «Ұстаз» платформасын пайдалану және озық педагогикалық тәжірибені тарату мәселелері талқыланды.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ
«Ұлттық құндылық – ұлттың тірегі» тақырыбындағы мини-дәріс Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалында ұйымдастырылды.