Өрлеу

БАЛАНС ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ: КҮЙЗЕЛІСТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ӘЗІРЛЕУ

БАЛАНС ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ: КҮЙЗЕЛІСТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ӘЗІРЛЕУ

Филиалда «Баланс пен шығармашылық: күйзелістің алдын алу және авторлық материалдарды әзірлеу» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара педагогтердің кәсіби дамуы мен психологиялық саулығын қолдауға арналды. Қатысушылар авторлық әдістемелік өнімді идеядан бастап қорғауға дейін әзірлеу жолдарымен танысып, педагогтің психологиялық саулығын нығайту тәсілдерін қарастырды.

Семинар аясында эмоционалдық күйзелістің алдын алуға бағытталған тренингтер өткізіліп, педагогтің ресурстық жағдайы мен эмоционалдық интеллект тақырыптары талқыланды. PhD докторлары, педагог-шеберлер және практик-психологтар кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға практикалық құралдар мен әдістер ұсынды.

Семинар спикерлері мен қатысушыларына белсенділігі және тәжірибе алмасуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

БАЛАНС ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ: КҮЙЗЕЛІСТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ӘЗІРЛЕУ — Өрлеу