«БЕТПЕ-БЕТ»: ӘДЕБИЕТ ПЕН АР-ОЖДАН ТОҒЫСҚАН КЕЗДЕСУ

Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығының Қостанай облысы бойынша филиалында «Кітап оқитын ұлт» жобасы мен
«Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы аясында көрнекті жазушы Шыңғыс
Айтматовтың «Бетпе-бет» повесіне арналған әдеби кездесу өтті.
Бұл
жолғы басқосу дәстүрлі әдеби талқылаудан өзгеше форматта ұйымдастырылды.
Қатысушылар шығарма кейіпкерлерінің тағдыры арқылы махаббат пен адалдық,
адамгершілік пен жауапкершілік, ар-ождан мен әділдік мәселелеріне тереңірек
үңілді.
«Адамның ең күрделі таңдауы – жақынына деген адалдық пен өз ар-ожданының алдында адал қалудың арасындағы таңдау».
«Бетпе-бет: өзіңмен сырласу» кезеңінде қызметкерлер айна алдында өздеріне
қойылған философиялық сұрақтарға жауап беріп, өмірлік ұстанымдары мен
адамгершілік құндылықтары туралы ой бөлісті. Бұл кезең әр қатысушыға өз-өзіне
сырт көзбен қарап, ішкі жан дүниесіне үңілуге мүмкіндік берді.
«Екі тағдыр. Бір таңдау» атты
интерактивті кезеңде қатысушылар Сейде мен Ысмайылдың әрекеттеріне баға беріп,
өздеріне жақын кейіпкерді таңдады. Арнайы стикерлер арқылы жасалған таңдау әр
адамның өмірлік көзқарасы мен ұстанымын айқындады.
Кездесу
соңындағы «Бір кітап – бір өмірлік сабақ» кезеңінде қызметкерлер шығармадан
алған әсерлерімен бөлісіп, өздері үшін маңызды болған ой-тұжырымдарын ортаға
салды.
Әдеби кездесу кітап оқудың тек білім
көзі ғана емес, адамның рухани дүниесін байытып, сыни ойлауын дамытатын,
өмірлік құндылықтарын қайта саралауға жетелейтін маңызды құрал екенін көрсетті.
Өйткені адам өміріндегі ең күрделі
кездесу – өз ар-ожданыңмен бетпе-бет келу.
Басқа жаңалықтар

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖИ ҚҰРАЛДАРЫ: ТИІМДІ ӘДІСТЕР ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Филиал қабырғасында «Үштік спираль» моделі негізінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және курста меңгерген білімдерін тәжірибеде қолдануына бағытталған курстан кейінгі қолдау вебинары ұйымдастырылды.

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ: ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР
Филиалда педагогтерді курстан кейінгі қолдау аясында «География пәнінде ЖИ құралдарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету және мұғалімдердің ЖИ арқылы оқу тапсырмаларын құрастыру қабілеттерін дамыту» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.

АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
Жетісу облысында педагогтерді аттестаттау рәсіміне қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.