МЕКТЕПТЕГІ ҚАУІПСІЗ ОРТА: БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Білім беру ұйымдарындағы балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, буллингтің алдын алу және әлемдік озық тәжірибелерді мектеп өміріне енгізу — бүгінгі күннің басты басымдықтарының бірі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ж.Д. Сүлейменованың хаттамалық тапсырмасын іске асыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалында педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстар өз жалғасын табуда.
Осыған орай ағымдағы жылдың 20 қазан күні «Буллингтің алдын алу және халықаралық Olweus, KiVa модельдерінің алгоритмдерін мектепте қолдану жолдары» тақырыбында кәсіби воркшоп өтті.
Воркшоптың негізгі түйіндері мен қарастырылған бағыттар:
Конфликт пен буллингті ажырату: Педагогтер екі ұғымның шекарасын нақтылап, буллингті эскалацияға (асқынуға) дейін анықтау индикаторларын талдады.
Olweus бағдарламасы (Норвегия) — Тұтас мектеп тәсілі: Буллингті екі баланың жеке қақтығысы емес, бүкіл мектеп жүйесінің мәселесі ретінде қарастыратын бұл бағдарлама 4 деңгейде (мектеп, сынып, жеке оқушы, ата-ана) жүзеге асырылады.

Басқа жаңалықтар

Меркі ауданында ғылыми және әдістемелік мақала жазу бойынша семинарлар өткізілді
Меркі ауданындағы Трубицына атындағы мектепте, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейде және №39 мектеп-гимназиясында педагогтерге арналған ғылыми және әдістемелік мақала жазу бойынша ақылы семинар-практикумдар өткізілді.

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институтының ұжымы мектеп педагогтерімен маңызды кездесу өткізді

«ҚҰНДЫЛЫҚТЫ САБАҚТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ»: БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ПРАКТИКУМ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн-практикум өтті. Қала және облыс педагогтері қатысқан кездесуде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын сабақ мазмұнына кіріктіру жолдары қарастырылды.