Меркі ауданында ғылыми және әдістемелік мақала жазу бойынша семинарлар өткізілді

Меркі ауданында ғылыми және әдістемелік мақала жазу бойынша семинарлар өткізілді
Меркі ауданындағы Трубицына атындағы мектепте, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейде және №39 мектеп-гимназиясында педагогтерге арналған ғылыми және әдістемелік мақала жазу бойынша ақылы семинар-практикумдар өткізілді.
Әрқайсысы 8 сағатқа созылған семинарларға күн сайын 20-ға жуық педагог қатысып, ғылыми және әдістемелік жарияланымдар әзірлеу бойынша білімдерін жетілдірді. Семинарлардың негізгі мақсаты – мұғалімдерге мақала жазудың қыр-сырын үйрету, ғылыми-зерттеу нәтижелері мен озық педагогикалық тәжірибені жариялауға қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Теориялық бөлімде ғылыми және әдістемелік мақалалардың құрылымы мен мазмұны, оларды жариялауға қойылатын талаптар, ғылыми әдебиеттер мен дереккөздерді дұрыс пайдалану, академиялық адалдық және плагиат мәселелері қарастырылды.
Практикалық бөлімде әр қатысушы өз тақырыбы бойынша мақала жазып, алған білімін тәжірибеде қолданды. Нәтижесінде педагогтер ғылыми және әдістемелік мақала әзірлеу дағдыларын меңгеріп, өз тәжірибелерін кәсіби ортада таратуға мүмкіндік алды. Дайындалған мақалаларды алдағы уақытта республикалық «Педагогикалық ізденіс» журналына жариялау жоспарлануда.
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институтының ұжымы мектеп педагогтерімен маңызды кездесу өткізді

«ҚҰНДЫЛЫҚТЫ САБАҚТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ»: БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ПРАКТИКУМ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн-практикум өтті. Қала және облыс педагогтері қатысқан кездесуде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын сабақ мазмұнына кіріктіру жолдары қарастырылды.

МЕКТЕПТЕГІ ҚАУІПСІЗ ОРТА: БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Білім беру ұйымдарындағы балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, буллингтің алдын алу және әлемдік озық тәжірибелерді мектеп өміріне енгізу — бүгінгі күннің басты басымдықтарының бірі.