Өрлеу

«Бір курс – бір кітап»: «Алғашқы ұстаз» повесі аясындағы жағдаяттық талдау

«Бір курс – бір кітап»: «Алғашқы ұстаз» повесі аясындағы жағдаяттық талдау
Бұл лек үшін таңдалып алынған шығарма – көрнекті қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі. Ұстаздық миссияны, білімнің құндылығын, шәкірт тағдырына ықпал етудің маңызын арқау еткен туынды қатысушылардың кәсіби ой-толғанысына негіз болды.

Іс-шара барысында курс тыңдаушылары 5 топқа бөлініп, «Кейс» әдісі арқылы жағдаяттық талдау жүргізді. Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдай отырып, педагогикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді талқылап, нақты шешімдер ұсынды.
• Дүйшеннің ұстаздық табандылығы мен кәсіби жауапкершілігін саралады;
• Алтынайдың білімге құштарлығын, оның болашағына қолдау көрсетудің маңызын зерделеді;
• Білім алу құқығы, әділдік, балаға қамқорлық және ескі көзқарастармен күрес мәселелерін талқылады;
• Шығармадағы оқиғаларды қазіргі педагогикалық тәжірибемен байланыстырып, жағдаяттарға қатысты өз ұстанымдарын дәлелдеді;
• Топтық шешімдерін ортаға салып, пікір алмасу арқылы ортақ тұжырымдарға келді.

«Бір курс – бір кітап» жобасы тыңдаушыларға шығарманы оқып, мазмұнын меңгерумен ғана шектелмей, оның терең идеяларын кәсіби қызметпен байланыстыруға мүмкіндік берді.

Талқылау барысында ұстаздың оқушы өміріндегі орны, білімнің адам тағдырын өзгертудегі рөлі және әр баланың болашағына сеніммен қараудың маңызы кеңінен зерделенді.

Түйін: Дүйшеннің ұстаздық жолы – шәкірт жүрегіне сенім ұялатып, білімге жол ашудың жарқын үлгісі. Өйткені ұстаздың ең үлкен жетістігі – оқушысының жетістігі, ал ең бағалы мұрасы – оның өміріне қалдырған ізгі ізі.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Бір курс – бір кітап»: «Алғашқы ұстаз» повесі аясындағы жағдаяттық талдау — Өрлеу