Өрлеу

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ – БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ПӘНАРАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ – БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ПӘНАРАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ

2026 жылғы 30 қазанда өткен «Функционалдық сауаттылыққа бағытталған оқыту: мұғалім құзыреттілігінің жаңа моделі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясының «Функционалдық сауаттылықты дамытудың заманауи тәсілдері» секциясында «Өрлеу» Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму инситуты филиалының аға тренері Рахимжанова Гүлфазира Қозыбаевна «Читательская грамотность как метапредметный результат: подходы и стратегии» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндама барысында оқушылардың оқу сауаттылығын пәнаралық деңгейде дамыту, мәтінді түсіну, қажетті ақпаратты іздеу және интерпретациялау, деректердің шынайылығын бағалау, автордың көзқарасын анықтау мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар оқу тапсырмаларын мәтіннің мазмұны мен мақсатына сәйкес құрастырудың үш негізгі критерийі ұсынылды. Олар: мәтінді түсінудің толықтығы, мәтіннің ерекшелігіне сәйкестік және оқушылардың оқу үдерісінде кездесетін қиындықтарын ескеру.

Баяндамада халықаралық зерттеулер мен педагогтердің кәсіби даму курстарының нәтижелеріне сүйене отырып, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістемелік тәсілдері таныстырылды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ – БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ПӘНАРАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ — Өрлеу